Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Президент: Алғашқы сапарымның Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар

2019 жылдың 14 сәуір 2019 14:17 641

 ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Алғашқы мемлекеттік сапарымның Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Өзбекстанның «ӨзА» ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Осынау атаулы оқиғаны өткізу туралы шешім екіжақты қарым-қатынас жылнамасының жарқын бетіне айналды. Қазақстандағы Өзбекстан жылы өте жоғары деңгейде өтті. Біздің елімізде  ғылым, мәдениет, білім адамдары, мекемелері, кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға септігін тигізген 200-ден астам іс-шара  ұйымдастырылды. Бірінші қазақстандық-өзбекстандық өңіраралық ынтымақтастық форумы табысты өткізілді. Оның қорытындысында екі елдің байланыстарын одан ары дамытуды көздейтін маңызды құжаттарға қол қойылды", -деді ҚР Президенті.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай форматтағы ынтымақтастық шекаралас облыстардың өзара іс-қимылының артуында маңызды факторға  айналып, бизнестің екі елдің нарығына шығуын жеделдететіндігін, екіжақты сауданы айтарлықтай жандандыруға мүмкіндік беретіндігін баса айтты.

«Мәселен, өткен жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы шамамен 50 пайызға ұлғайып, 3 млрд долларды құрады. Екі мемлекеттің бір-біріне жақындай түсуін халық зор жігерлене қабылдап отырғандығын баса айтқым келеді. Сондықтан бауырлас елге менің алғашқы мемлекеттік сапарымның Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар",  - деді Мемлекет басшысы. 



null



null 

Жоғары қарай