Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Президент: Әкімдіктің баяу жұмысының кесірінен халық газды уақтылы ала алмай отыр

2019 жылдың 14 қараша 2019 12:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда Аршалы және Целиноград аудандарында газбен жабдықтау желілерін жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет магистральды газ құбырын жедел қарқынмен жүргізді. Әйтсе де, сол уақытта ол жерде ешқандай жұмыс жасалмаған. Желілер дайын емес. Әкімдіктің баяу жұмысы салдарынан тұрғындар газды уақтылы ала алмайды. Елді мекендердің ішіндегі желілерді салу үшін әлі тиісті құжаттар дайындалмаған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президент осыған байланысты Үкіметке облыс әкімдігімен бірге 2020-2021 жылдары Аршалы және Целиноград аудандарында газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуді тапсырды.

«Қосшы - агломерация маңындағы инфрақұрылым мәселелерін шешу үшін жұмысты тез арада жүргізу қажеттілігінің жарқын мысалы. Қосшы халқы бойынша 3 түрлі статистика бар: іс жүзінде онда 52,5 мың адам тұрады. Сол секілді Жақсыда марганец кенін өндіретін ашық кәсіпорын жобасын іске асыру мәселесі талқыланып жатыр. Тұрғындар кен орнын игеруге үзілді-кесілді қарсы. Әкімдік пен Үкімет шешім қабылдаған кезде халықтың пікірін ескеруі керек», - деді Президент.

Жоғары қарай