Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Пойызда «тырысқақ» анықталды: Атырауда жолаушы шұғыл қауіпсіз жерге шығарылды

2019 жылдың 26 мамыр 2019 20:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау темір жол стансасында тырысқақ күдігіне іліккен жолаушыны шұғыл қауіпсіз жерге көшіру жаттығуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау-Маңғыстау» пойызынан жолаушыны қауіпсіз жерге көшіру»Аса қауіпті және карантиндік инфекциялық ауруларға» арналған оқу-жаттығу аясында жүзеге асырылды. Сценарийге сәйкес, Атырау теміржол вокзалында оқу-жаттығу шарасын өткізу барысында №314 «Маңғыстау-Атырау» пойызына тырысқақ жұқпалы ауруын жұқтыру күдігіне іліккен жолаушының бар екендігі анықталды.

«Оқу-жаттығуы барысында карантиндік аурулар, оның ішінде тырысқақ анықталған жағдайда жедел алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру жүзеге асырылды. Аурудың таралу ошағын жою мамандарының, теміржол қызметтерінің өзара іс-қимылдары тексерілді. Сонымен қатар медицина ұйымдарының ауруды анықтау, ауруханаға жөнелту, күдікті адамдардан зерттеуге материалдар алу, күдіктімен байланысты болған адамдарды оқшаулау, карантиндік-шектеу шараларын ұйымдастыруы пысықталды», - делінген Атырау облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті таратқан ақпаратта.

Оқу-жаттығуға тартылған барлық мекемелер мен құзыретті органдар жүктелген міндетті тыңғылықты орындап шықты.

Авторы А. Соколов

Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚТЖ, Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай