Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Полиция жыл басынан бері жоғалып кеткен 48 павлодарлықты тапты

2019 жылдың 9 сәуір 2019 22:47 672

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері полицияға Павлодар облысы тұрғындарынан із-түзсіз жоғалып кету фактісі туралы 54 өтініш түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жыл басынан бері полиция бөліміне азаматтардың із-түзсіз жоғалып кету фактісі туралы 54 өтініш пен хабар түскен. Полиция қызметкерлерінің қолданған шараларының арқасында бір тәулікте 42 азаматтың қайда екені анықталған, соның ішінде 9-ы  кәмелеттік жасқа толмаған», - деп хабарлады бүгін Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистерге.

Құқық қорғау органдарының деректері бойынша, тағы 6 павлодарлықтың мекенжайы іздестіру ісі қозғалғаннан кейін анықталған.

«Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру және іздеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», - деді полиция.

Азаматтардың жоғалу себептері әртүрлі: ескертуді, хабарласуды ұмытып кету, достарында қалып қою, жолға шыға алмау және т.б.

«Қазіргі уақытта 6 азамат табылған жоқ», - деп атап өтті өңірдің полиция департаментінде. 

 

 

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай