Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Полиция қызметін бағалаудың жаңа талаптары болмақ

2019 жылдың 15 наурыз 2019 20:24 556

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамдағы бірінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтық қоғамның 20 өкілі - белгілі қоғам қайраткерлері заңгерлер, құқық қорғаушылар, журналистер және ҮЕҰ-ның өкілдері қабылданған кеңестің жаңа құрамы 2019 жылдан 2022 жылға дейін жұмыс істейді.

Е.Тұрғымбаев Қоғамдық кеңес мүшелеріне белсенді азаматтық позициясы мен ішкі істер органдары қызметіне айырықша назар аударғандары үшін алғысын білдірді. Полиция қызметінің басты ұстанымы - ашықтық пен айқындық екенін айтты. Қазақстандық полиция азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қоғаммен ашық диалогқа әрқашан дайын екенін атап өтті.

«Кеңес қызметі ең алдымен қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, халық пен полиция арасында өзара қарым-қатынас проблемалары туралы алдымен хабардар болуға мүмкіндік туғызады»,- деді  министр.

Сондай-ақ, министр Кеңес мүшелеріне ішкі істер органдарының реформасы туралы айтып берді. Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.  

Ерлан Тұрғымбаев 54 іс-шараны қарастыратын, 9 негізгі бағыттан тұратын Жол картасын іске асыруда қоғамдық кеңестің белсенді атсалысатына сенім білдірді.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы болып М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ құқықтық әділ сот және ғылыми құқықтық сараптамалар жөніндегі ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, профессор Марат Қоғамов сайланды.

Жаңа сайланған төрағаның басшылығымен Қоғамдық кеңес ІІО жаңғырту жөніндегі жол картасын орындау мақсатында әзірленген полицияның қызметін бағалаудың жаңа критерийлер жобасын қарады.

Талқылаудан кейін Кеңес мүшелері ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге және нәтижелі реформалауға бағытталған конструктивті ұсыныстар жасады.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қоғам,
Жоғары қарай