Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Полиция 5 жасар баланы анасымен қағып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр

2019 жылдың 10 тамыз 2019 10:32 181

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы анасы мен баласын қағып өлтірген жүргізушінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Боралдай көшесінде өткен түні сағат кешкі 10 шамасында болған.

Көлік батыс бағытта келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан анасы мен баласын қағып кеткен. Оқиға орнында 23 жастағы келіншек  мерт болып, 5 жастағы ұлы шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ, бірнеше сағаттан соң бала көз жұмды.

«Көлік оқиғасына қатысты шұғыл жедел тергеу тобы құрылды. Адамдарды қаққан BMW көлігінің иесі 32 жастағы Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр»,- деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай