Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 361.15
EUR 414.71
RUB 5.53
CNY 52.07

Полицейлерге ойыншық тапаншамен сес көрсетпек болған қарағандылықтар ұсталды

2018 жылдың 19 шілде 2018 02:10 727

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер көлік мінген төрт ер адамды ұстады, олардың бірі полицейлерге ойыншық тапанша шығарып, сес көрсетпек болған. Полиция ұстап жатқан бұзақылардың видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД мәліметтеріне қарағанда, оқыс оқиға үстіміздегі жылы 17 шілде күні 19:00 шамасында болған. Мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ «БМВ» автомашинасы Бұқар жырау даңғылымен келе жатқан. Ал көліктегі жолаушылардың бірі тапаншаға ұқсас зат шығарған.

Жол-патрульдік полициясы полкі қызметкерлері жылдам шара қолданып, Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғыны жүргізген көлікті ұстаған. Тексеру кезінде куәгерлердің көзінде машина салонынан пластмассадан жасалған ойыншық тапанша табылған.

Осы дерек бойынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 621-бабының («Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы») 2-бөлігі, 590-бабының («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

 

 

Жоғары қарай