Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Полицейлер зейнеткердің сырғасын шешіп алған қылмыскерді ізін суытпай ұстады

2019 жылдың 12 маусым 2019 20:19 476

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 87 жастағы зейнеткер таңғы сағат 05-00-дер кезінде көшеге серуенге шығып, қылмыскердің құрбаны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің ВКонтакте парақшасынан хабарланғандай, күдіктіні ұстау сәті видеоға түсіп қалған.

«87 жастағы зейнеткер сағат 05-00-дер шамасында көшеге серуендеуге шыққан. Біраз жүрген соң, басқа зейнеткер әйелдермен кездесіп жүретін Назарбаев даңғылы бойындағы 6/1 үйдің ауласына барады. Алайда кездесу орнында ешкім болмаған. Орындықта қара түсті киім киген белгісіз ер адам отырған. Аз уақыт өткен соң қарт әйелді әлгі ер адам бас салып, алтын сырғасын шешіп алмақшы болады. Ер адам бір сырғаны жұлып үлгеріп қаша жөнеледі», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жақын маңдағы автопатруль жөнелтіліп, бейнебақылау камераларының көмегімен ер адам ізін суытпай полицейлердің қолына түсті. Алтын сырға тәркіленіп алынды.

Күдікті Павлодар қаласының уақытша оқшаулағышына қамалды. Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

 

 

Жоғары қарай