Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Польшада Қазақ күресінен II Еуропа чемпионаты өтеді

2019 жылдың 25 сәуір 2019 09:37 1542

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың маусым айында Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы Польшадағы Вроцлав қаласында II Еуропа чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың маусым айында Федерация Польшадағы Вроцлав қаласында II Еуропа чемпионатын өткізеді. Бұл чемпионатқа Еуропаның 23 елінен 100 палуан жиналады деп күтілуде», - деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметінен.

Халықаралық Qazaq kuresi   федерациясы шетелдік бапкерлерге арналған оқу-жаттығу семинарлары мен  палуандардың шығындарын өз мойнына алып отыр. Жыл соңына дейін Еуропа чемпионатын бөлек, Әлем чемпионатын, Әлем кубогын және тағы басқа көптеген шаралар өткізуді жоспарланған.

Айта кетсек, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясына биыл 2 жыл толып отыр. 2017 жылы Астана өткен жалпы құрылтайдың кезекті отырысында федерациясын құру туралы шешім қабылданған болатын. Бүгінде федерацияны ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев басқарады. Олипиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, олимпиада ойындарының қола және күміс жүлдегері, танымал палуан Дәулет Тұрлыханов сынды азаматтар федерацияның вице-президенттері. Ұйым құрамына Еуропа мен Азия елдерінің 28 ұлттық  федерациясы кіреді.

Федерация құрылған 2 жыл ішінде: Қазақ күресінен әлем чемпионаты-2017 (Астана, Қазақстан), 2018 жылы жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған халықаралық семинар (Тбилиси, Грузия), 2018 жылы Қазақ күресінен I Еуропа чемпионаты (Батуми, Грузия), 2018 жылы оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), 2018 жылы I Азия чемпионаты (Астана, Қазақстан),  Федерация қолдауымен «Әлем барысы» турнирі өткізілген.

Сондай-ақ, 2018 жылы - 3 ұлттық чемпионат өткізілсе, биыл ұлттық чемпионаттар саны 10-ға жетті.

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: КАЗМЕДИА, Спорт,
Жоғары қарай