Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Пикеттерді кез келген жерде өткізе беруге рұқсат беріледі –министр

2020 жылдың 9 сәуір 2020 22:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданған елдегі бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына қатысты тағы бір рет пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бұл заң жобасын әзірледік. Әртүрлі алаңда өте көп талқыдан өткіздік. Көптеген өзгеріс енгізілді. Сарапшы депутаттар ғана емес, құқық қорғау саласының мамандары, азаматтық белсенділер де өз өзгерістерін енгізді. Әлбетте қазір заң жобасы айтарлықтай өзгерді. Алайда өзгерістердің деңгейін салыстыра салудың ең қарапайым жолы – заң жобасының бұрын және бүгін қалай болғанын оқи салу ғана», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр өз сөзін бірнеше мысалмен шегелей түсті.

«Қазір біз ұғымдардың бәрін де айқындап алдық. Бейбіт жиын, пикет, митинг, шеру, демонстрация, ұйымдастырушы, қатысушы – бәрі айқындалды. Біз халықаралық құқық қорғау ұйымдарының ұсыныстарын орындадық», - деді ол.

Дәурен Абаев бұрын митингтерді тек әкімдіктердің рұқсатымен өткізу мүмкін болғанын еске салды.

«Қазір пикеттер мен жиындарға шығу үшін тек билікке хабарландыру керек. Рұқсат алудың қажеті жоқ. Бұл – Президенттің тапсырмасы болды. Бұрын митинг өткізілетін жерді мәслихаттар белгілейтін. Қазір арнайы орындар түсінігі енгізілуде. Бұл ретте Президенттің тапсырмасымен негізгі талап – қаланың сыртында болмауы керек. Мәселен пикеттерді кез келген жерге өткізе беруге болады. Келесі: заңның сипаты туралы. Негізгі реттеу бұрын мәслихаттардың қарауында еді. Біз тікелей ықпал етуші заңды жасадық. Бұрын 10 күн бұрын өтінім беру талабы болды. Қазір – 5 күн», - деді ол.

Министр өтінімдерді қарау механизміне де өзгеріс енгізілгенін, жаңа заңда талаптардың нақты мерзімдері нақтыланғанын айтып өтті.

«Шынымды айтсам либерализацияланған аталған заңды түкке тұрғысыз еткісі келетін адамдардың ойларын түсінемін. Олар да еркіндік үшін күресуші мәртебесін де сақтап қалу керек. Бірақ олар бір маңызды жайды түсінбейді: көзге көрініп тұрған, жақсарған заң жобасын мойындамай олар мемлекет пен қоғамның диалогына зиянын келтіреді», - деп түйді Дәурен Абаев.


Жоғары қарай