Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Петропавлда жарға құламақ болған бойжеткенді полицей құтқарып қалды

2019 жылдың 15 сәуір 2019 20:04 705

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері жарға құламақ болған бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция сержанты Денис Комаров кешкі ауысымнан қайтып бара жатқан. Ол Есіл өзенінің жағалауындағы жардың шетінде бір бойжеткеннің сұлбасын, оның төменге құлауды ойлап тұрғанын байқаған. Ол жердегі жардың биіктігі 25-30 метр екенін білген полицей жарға жеткен кезде төменде суықтан дірілдеген, көз жасын төгіп, соңғы қадамын жасауға бекінген бойжеткенді көрген. Анықталғанындай, оқиғадан біршама уақыт бұрын бойжеткен әлгі полицейдің жанынан өтіп бара жатып, орындыққа ұялы телефонын тастап кеткен. Тәртіп сақшысы бойжеткенді телефонын алып кетуді ескертеді. Алайда, бойжеткен ары қарай жүре берген. Ақыры, оның суицидке бел байлағаны анықталған», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


null 

Полицей көп ойланбастан тайғақ жарға түсіп, бойжеткеннің жанына жетуді ойлаған. Алайда, оны байқаған қыз, өзіне жақындамауды талап еткен. Тәртіп сақшысы бойжеткенді сөзге айналдырып, бір сәтте оны қатты қапсыра ұстап алған.

Оқиға Петропавл қалалық Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тізіміне ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша тіркелді.

22 жастағы бойжеткенді туыстары алып кетті. 

 

 

Жоғары қарай