Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Петропавлда «Тәтті кітап» фестивалі өтті

2019 жылдың 18 сәуір 2019 22:55 1130

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Тәтті кітап» фестивалі өтті. Қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптары пішінінде торттар мен тәтті бәліштер пісіруден сынға түсті. Ұйымдастырушылар осылайша балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырмақшы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітап - рухани азық. Алайда, фестивальге қатысушылар бұл жолы одан гастрономиялық рақат алуға тырысты.

Ерекше байқауға барлығы 15 топ, 75 адам қатысты. Әр топта бір сыныптың 3 оқушысы, ата-ана мен жетекшісі. Оларға қойылған басты талап - кітап пішінінде торт, тоқаш, не бәліш пісіру. Пісіріп қана қоймай, тәтті-дәмділерін қазылар алқасына әдемілеп ұсынулары керек болды.

«Біздің оқушы міндетті түрде 100 кітап оқып шығуы керек. Оның арнайы белгіленген тізімі бар. Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде. Бұл жолғы фестиваль осы «100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оқушылар өздері оқыған, ұнаған кітап пішінінде торт пісіріп, кейін шығармаға байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Балалардың кітап оқуға құмарлығын арттыру мақсатында «Bookcrossing» жобасын да ұйымдастырдық. Яғни, оқыған кітапты сөреге шаң бастырып қоймай, екінші адамға сыйлау», - дейді мектеп мұғалімі Сәуле Уәлиева.

Байқауда пісірілген ең үлкен торттың салмағы - 10 келі. Алайда басымдық оның салмағына емес, әсем безендірілуіне және әзірлеу технологиясының сақталуына берілді. Балалардың білімі де назардан тыс қалмады.


null 

null 

«Есіл» командасы торттың бетіне Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының мұқабасын бейнеледі. Топ мүшесі, оқушының әкесі Мәди Құрмашевтің айтуынша, мамандығы аспаз болғанымен, мұндай кондитерлік өнімді алғаш әзірлеуі. «Еш  қиындығы жоқ екен. Бисквиттерді әзірлеп алып, түрлі ингредиенттерден балқаймақ жасадық. Әрбір әріпті кестік. Түрлі тағам пісірудің маманы болсам да, бүгін өзіме біраз тәжірибе жинадым», - дейді Мәди.

Нәтижесінде, осы «Есіл» тобы байқаудың бас жүлдесіне ие болды. 



null 

null 

 

Жоғары қарай