Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Петропавлда таксист пен жолаушы төбелесіп қалды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 15:43

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер 58 жастағы такси жүргізушісі мен 44 жастағы жолаушы арасында кикілжің болғанын растады.

«Петропавл қаласының полиция басқармасына төбелес туралы қоңырау түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Жолаушы сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді. Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін полицейлер процессуалдық шешім қабылдайды», - деді баспасөз қызметінен.

Жоғары қарай