Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Петропавлда Президенттік сайлауға орай арнайы анықтамалық қызмет жұмысын бастады

2019 жылдың 25 сәуір 2019 18:55

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында кезектен тыс Президент сайлауы қарсаңында арнайы анықтамалық қызмет жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Call centr-ге хабарласып, петропавлдықтар сайлауға қатысты толық ақпарат ала алады. Сол үшін арнайы 46-25-10 телефон нөмірі бөлінген. 23 сәуірден бастап жұмыс істеп жатқан орталыққа қазір күніне 10-15 адамнан хабарласуда. Тұрғындар негізінен өздерінің сайлаушылар тізімінде бар-жоқтығын тексеріп, қай учаскеде дауыс беретіндіктерін біледі екен.

«Петропавл қаласы үлкейіп жатыр. Жаңа үйлер салынып, жаңа ықшамаудандар пайда болды. Бұдан басқа тұрғындар пәтерлерін өзгертіп, мекенжайларын ауыстырып жатады. Құжаттарын өзгерткендер де бар. Көшіп келіп, кетіп жатқандар, қайтыс болған - осының бәрі ескеріліп тізім жасалды. Анықтамалық қызметке телефон соғып, қажетті ақпаратты ала алады», - дейді Петропавл қалалық әкімдігі аппаратының қызметкері Рашида Тілеубаева.

Анықтама қызметі сайлау күніне дейін жұмысын тоқтатпайды. Сонымен қатар әр тұрғын Петропавл қалалық әкімдігінің ресми сайтына кіріп, ЖСН-ді енгізу арқылы сайлаушылар тізімінен өзін іздей алады.

Мамандардың айтуынша, петропавлдықтар 9 маусым күні 93 сайлау учаскесінде дауыс беретін болады. Биыл сайлау учаскелерінің саны үшке артты.

Жоғары қарай