Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Петропавлда каналға батып кеткен ер адамның мүрдесі табылды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 19:45 738

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бірнеше күн бұрын каналға батып кеткен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы №2-ші жылу электр орталығы маңындағы каналдан 31 жастағы ер адамның денесі табылды. Құтқарушыларды жігіттің батып кеткендігі жөнінде полиция хабардар еткен. Суға кеткен адамды іздеу жұмыстары  сәуірдің 27-сі күні таңертеңнен басталды. Оған  7 маман, 2  техника және 1 жүзу құрылғысы жұмылдырылды. 

Сәуірдің 29-ы, түскі екілер шамасында ер адамның мүрдесі табылды.  Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандардың айтуынша, денеде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Қазір өлім жағдайы анықталуда. Құтқарушылар  судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

 

 

Жоғары қарай