Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Петропавлда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті

2019 жылдың 2 тамыз 2019 21:26 120

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы халық көп жиналатын сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде Telegram-дағы EgovKzBot және Mgov.kz қосымшасын түсіндіріп, тарату мақсатында «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, шара барысында петропавлдықтарға электронды цифрлы қолтаңбаны қалай рәсімдеуге болатыны, мобильдік үкіметте тіркелу, сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайн түрде қалай төлеу керектігі көрсетілді. Сондай-ақ мамандар тұрғындарға «электрондық үкімет» веб-порталын қолдану дағдыларын үйретіп, мобильді азаматтар базасына тіркеді.



Мамандардың айтуынша, бүгінде Telegram қосымшасындағы @EgovKzBot арқылы 25 қызмет қолжетімді. @EgovKzBot сервисі арқылы әр азамат өз бетінше мемлекеттік қызметтерді ешқайда бармай, смартфон арқылы ала алады. Оның ішінде мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, психо және наркодиспансердің анықтамалары бар, сондай-ақ дәрігерді де осы арқылы үйге шақырып, қабылдауына жазылуға болады.



MGov.kz мобильді қосымшасы арқылы білім, отбасы, жылыжымайтын мүлік, денсаулық сақтау салалары бойынша және т.б. 77 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

«Жиі сұралатын анықтамалардың ішінде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердің анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат өз үйіне неше адамның тіркелгенін де қарай алады. Халыққа қызмет көрсету орталығына келмес бұрын талонды броньдау арқылы, алдын ала кезекке жазылу мүмкіндігі де бар», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы СҚОФ мамандары.

Филиалдың баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтардың бұл қосымшаға деген сұранысы артып келеді, тек соңғы екі айда ғана облыста 1700-дей адам тіркелген.

Ал «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы жақында өңірдің барлық аудан орталықтарында өтеді.



Жоғары қарай