Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Петропавлда әйелдер арасындағы қазақ күресінен үздіктер анықталды

2018 жылдың 14 қараша 2018 21:23 336

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының Спорт сарайында ерлер мен әйелдер арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы Денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысының спортшылар қатысады. Төрт күн бойы түрлі салмақ дәрежесіндегі 300-ге жуық атлет үздік атану үшін күреседі. Соның ішінде әйелдер - жеті, ал ер адамдар - тоғыз салмақ дәрежесінде шығады.

«48 келі салмақ дәрежесінде ақтық сайыста солтүстікқазақстандық Айдана Өтегелова астаналық Динара Ысқақовадан жеңіліп қалды. «Қола» жүлдені қостанайлық Нәзира Қасымжанова мен Қызылорда спортшысы Мәлика Алпысбай өзара бөліскен», - деп баяндады баспасөз қызметінен.

52 келі салмақта «алтынды» елордалық Ботагөз Дүйсембаева қанжығасына байласа, күміс жүлдені Шымкент атлеті Ақмаржан Балтабай жеңіп алды. Үшінші орынды қызылордалық Аида Ермаш пен Атырау спортшысы Айымгүл Махуова тең бөлісті.


57 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Шымкент атлеті Арайлым Рәкіш, екінші орынды - қостанайлық Жаннұр Кенжебекова жеңіп алған. Бұл салмақтағы үздіктер «үштігін» Айжан Қараш (Павлодар) пен Сымбат Дулатова (Тараз) жапты.

63 келі салмақта финалда алматылық Мәриям Ордабаева Астанадан келген қарсыласы Ұлжан Дүйсембаеваны жеңді. Қола медальдар Сабина Ыбырай (Қызылорда) мен Сымбат Төренде (Қызылорда).


78 келі салмақ дәрежесінде шымкенттік атлет Ғалиябану Аманханова ақтық сайыста Тараз спортшысы Ақтолқын Смағанбетованы жеңді. Қола медальді Лейла Арыстанбек (Қызылорда), Райса Нұрғазиева (Маңғыстау) өзара бөлісті. 


 

 

Жоғары қарай