Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Петропавлда аутист балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды

2019 жылдың 3 сәуір 2019 19:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы Оқушылар сарайында аутист балаларға арналып мерекелік шара өтті. Балалар сурет салып, кино көріп, түрлі спорттық ойындарға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні аутист балақайлар сүйікті ертегі кейіпкерлерімен суретке түсуге, сондай-ақ каркасты ваакумды кинотеатрда мультфильмдер тамашалауға мүмкіндік алды. Мерекеге Есмұқан Жәкен де келіпті. 13-тегі жасөспірім үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Анасы Әлияның айтуынша, баласының сырқаты туралы нәрестенің 4 айлығында естіген.


null

«Мұндай балалар ерекше күтімді қажет етеді. Мойымау керек. Осындай іс-шаралардың жиі өткізілгенін қалаймыз. Бүгін барлығы бізге қатты ұнады. Психотерапияға қатыстық, фильм тамашаладық. Балаларымызға осылайша назар аударып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Әлия Жәкен.

Облыстық білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты - ерекше күтімді талап ететін жандарға барынша қолдау көрсету.

«Біз бұл іс-шараны аутизм мәселелері бар балаларды мәдени іс-шараларға тарту мақсатында, оларды әлеуметтік-қоғамдық өмірге бейімдеу және олар басқа балдырғандармен араласуы үшін өткізудеміз. Оқушылар сарайында осы балақайларға арнап бірнеше мерекелік және спорттық іс-шара әзірледік», - дейді облыстық Білім басқармасының бас маманы Наталья Сербина.


null

Мамандардың айтуынша, 4 сәуірде таңғы сағат 10:00-де Петропавлдағы Cinema Park кинотеатрында тегін мультфильм көрсетілімі болады. Сағат 15:00-де Спорт сарайында коньки тебуге мүмкіндік бар. 5 сәуірде таңертең Kids Fun көңіл көтеру кешенінде балалар ойын ойнаса, сағат 14:00-де Қуыршақ театрында спектакль көре алады. Сондай-ақ түстен кейін көпсалалы облыстық балалар ауруханасы «ашық есік күнін» өткізеді. 6 сәуірде сағат 12:00-де Спорт сарайы бұл балдырғандарды тегін коньки тебуге шақырады.




null

Жоғары қарай