Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Петропавлда астыртын казино жұмысына тосқауыл қойылды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 00:14

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда заңсыз жұмыс істеген казино анықталып, облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандары ойын барысында үстерінен түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандары астыртын казиноның жұмысын екі ай көлемінде бақылауға алады. Заңсыз жұмыс істеген ойын-сауық орны Петропавлдағы қонақүйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан.

Күзетшілер астыртын казиноға тек тұрақты клиенттерді ғана кіргізіп отырыпты. Арнайы операция кезінде казинода 22 ойыншы болған. Ойын залынан покер үстелдері, фишкалар, покер карталары мен бір күндік табыс – 1 млн 270 мың теңге тәркіленді.

«Жасырын казино ұйымдастырғандардың ісі ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабына қайшы келеді. Заң бойынша, казино ісін белгіленбеген аймақта ашқандарға 5 мың АЕК, яғни 13 млн теңгеден астам айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал құмар ойындарын ойнағандар 200 АЕК дейін айыппұл төлейді», - дейді СҚО экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі Виктория Пивоварова.


Жоғары қарай