Ауа райы
Нұр-Сұлтан 24 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

Петропавлда алабай иесін қауып алды

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 10:08 678

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында полицейлер қожайындарына шабуылдаған алабай итін атып тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, ит 68 жастағы қожайынын қауып алған. Ит оны бірнеше жерінен тістеп, жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Кейін белгілі болғанындай, алабай вольердің ішінде тұратын болған, ал түнде иелері оны аулаға босатып жіберіп жүрген. Оқиға болған күні таңертең әйел адам итті вольерге кіргізе алмай қойған. Ит әйелге көнбей, оның өзіне қарсы шабуылдап, әйелге көмекке келген ер адамды да тістеп алған. Әйел полиция шақыртқан.

«Үй иелерінің көршілері тәртіп сақшылары келіп жеткенше иесін тістеп жатқан итті шарбақтың ар жағынан алдауға тырысты. Оқиға орнына келіп жеткен Петропавл патрултьдік полиция батальонының қызметкерлері табельдік қаруды қолдануына тура келген», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қала тұрғынының шағымдану фактісі бойынша материал жиналып, тексеріс қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Олеся Жуковень

Иллюстрациялық фото

Жоғары қарай