Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Петропавлда 91 жастағы зейнеткер балаларға ойын алаңын жасап берді

2019 жылдың 11 маусым 2019 21:45 1103

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының 91 жастағы тұрғыны Афанасий Дроздецкий өзі тұратын ауланы абаттандырып, балаларға ойын алаңын жасап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласының тұрғыны Афанасий Дроздецкий осыдан 15 жыл бұрын өзі тұрған көп қабатты үйде «Ключик» атты пәтер иелері кооперативін құрады. Бұрын иесіз жатқан баспананы жөнге келтіріп, қамыс өсіп, қоқыс үйілген ауланы абаттандыруды қолға алады. Төрағаның ісі көпке үлгі болып,  тұрғындар да көмек қолын созған. Осылайша, 15 жылдың ішінде балалардың ойын алаңы танымастай өзгеріп шыға келді.

«Алдымен қамыстан тазарттық, құм әкелдік. Сау қалған әткеншектерді жөндеп, балалармен бірге сырладық. Менің мақсатым - балалар елін, жерін сүйетін болып өссе екен. Сол себепті алаңдағы ойыншықтардың барлығы қазақы ою-өрнекпен безендірілген», - дейді ПИК төрағасы Афанасий Дроздецкий.


null

Қазір балалар алаңында Қазақстан нышаны салынған зымыран, ұшақ, тіпті айда жүретін көлікке дейін бар. Оны былтыр зейнеткер көмекшісі, ПИК-тің сантехнигі мен аула сыпырушысы  Бақытжан Әділовпен бірге қолда бар материалдардан бүлдіршіндерге жасап беріпті. Балалар алаңын безендіруде олар машинаның резеңке доңғалақтарын, түрлі тақтайларды - бәрін іске жаратады.

Әсіресе жаз мезгілінде түрлі әткеншектер мен сырғанақтар таңның атысынан кеш батқанша дейін балалардан босамайды. Көрші үйдің бүлдіршіндері де осы жерде.

 «Ата-аналармен ақылдаса отырып безендіреміз. Сондай-ақ балалар қауіпсіздігін де ұмытпаймыз. Қалалық әкімдік де көмектесіп жатыр. Бірер жыл бұрын қалалық әкімдік үйдің маңындағы жол мен көліктердің тұрағына асфальт төсеп берді. Енді үйдің маңындағы құлайын деп тұрған ағаштарды кесіп берсе деген тілегіміз бар», - дейді Афанасий Дроздецкий.


null

Балаларға ертегі әлемін жасап берген зейнеткер бүгінде ата-аналардың алғысына бөленіп жүр.

 

 

Жоғары қарай