Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Петропавлда 24 жастағы жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 20:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 24 жастағы жас жігіт бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жігіттің терезеден секіргеннен кейінгі видеосы тарап кетті. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға Жуков көшесі 5А үйінде болғанын растады. Терезеден осы үйдің тұрғыны секіріп кеткен.

«Жедел жәрдем көлігімен жігітті 3-ші қалалық аурухананың реанимация бөлімшесіне жеткізген. Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, омыртқасынан жарақат алған азамат облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Жігіт бел омыртқасынан ауыр жарақат алған. Ертең ота жасайды. Алда 5-6 сағатқа созылатын күрделі ұзақ ота күтіп тұр», - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног.

Олеся Жуковень


Жоғары қарай