Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Петропавлда 2 жасар сәби терезеден құлаған кезде, анасы мен аға-әпкесі үйде болған

2019 жылдың 11 маусым 2019 20:35 762

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бүгін күндізгі сағт 12-ден 35 минут  кеткенде 2 жасар сәби бесінші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Уәлиханов көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінде болған. Биіктен құлаған сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Бала жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

Құтқарушылардың мәліметінше, ойнап жүрген сәбиді үйдегі анасы мен аға-әпкесі бір сәтке көзден таса қылған.

«Кішкентай бала ойнап жүріп терезе жақтауына шығып кеткен. Ал терезеде қорғаныш блокиратор болмаған. Осындай қайғылы оқиға болмауы үшін тағы бір мәрте ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеміз. Көп жағдайда бала москиттік торға сеніп, құлап кетеді», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Бұл өңірде биыл тіркелген осындай алғашқы қайғылы оқиға.

Мамандардың айтуынша, былтыр олар терезе жақтауында жүрген кішкентай баланы құтқарған. Көшеде өтіп бара жатқан жүргінші бесінші қабаттың терезесінде тұрған сәбиді көріп, құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына жеткен мамандар баланы автосатының көмегімен түсіріп алып, аман-есен әке-шешесіне табыстады. 

 

 

Жоғары қарай