Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Петропавл әкімдігі даулы коттедж оқиғасына түсінік берді

2019 жылдың 4 қазан 2019 20:36

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда мектеп құрылысына кедергі келтірген коттедждің өртенуіне байланысты қалалық әкімдік түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Асқар Хабибулин әлеуметтік желілерде өртенген коттедж бойынша тиісті органдардың жұмыс істеп жатқаны туралы айтты.

«Өртенген баспана Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің меншігі. Ромахиндер отбасынан 80 шаршы метрлік тұрғын үй мемлекет қажеттілігі үшін алынып, оның орнына жалпы ауданы 120 шаршы метр болатын үш бөлме екі пәтер берілді.

Бүгін сағат 17.00-де баспананы заңсыз иеленген Ромахиндер отбасын үйден еріктерінен тыс шығару жөнінде сот отырысы болады. Барлық заңды нормалар сақталған, оларды үйден шығаруға қарсы болатын еш негіз жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау мәселесі бақылауда», - деп жазды Асқар Хабибулин.

Бұған дейін Петропавлдағы 900 орынға арналған мектептің құрылысын тежеген коттедждің өртенгені туралы айтқан едік.

Жоғары қарай