Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Павлодарлық полицейлер өртенген үйден ауыл тұрғынын алып шықты

2019 жылдың 12 ақпан 2019 22:01 889

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашыр ауданы Тереңкөл ауылында полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден өздігімен жүре алмайтын ер адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің ВКонтакте парақшасында жарияланғандай, түнгі сағат 02.16 шамасында кезекші бөлімге көрші үйдің өртеніп жатқаны туралы жедел хабарлама түскен. Құқық қорғаушылар шұғыл төтенше қызметке хабар беріп, автопатрульмен оқиға орнына келген.

«Тәртіп сақшылары үйде өздігімен жүре алмайтын мүгедек ер адамды алып шықты. Үйдің шатырында қою түтін араласқан күйде от шығып жатты. Жағдайды жылдам бағдарлап, уақытты жоғалтпаған полиция аға сержанты Маруф Мансұров пен полиция кіші сержанты Әсет Абдықанов сыртқы есіктің ілмелі құлпын бұзып, ішке кірген», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары үйге кірген кезде түтін арасында демалу қиынға түсіпті. Оның үстіне үйдің қабырғасы жанып жатқан. Түтіннен түк көрінбесе де, тәртіп сақшылары қараңғыда қонақ бөлмеде ес-түссіз жатқан ер адамды анықтайды. Полиция қызметкерлері ақыры ер адамды далаға алып шығып, жедел жәрдем келгенше көрпемен жылы ұстаған. Осыдан кейін жедел жәрдем зардап шеккен ер адамды ауруханаға жеткізген.

«Өрт кезіндегі батыл іс-әрекеттері үшін Қашыр ауданы полиция бөлімісінң полиция қызметкерлері жол-патрульдік полиция тобының полицейі полиция аға сержанты Маруф Мансұров пен кіші сержант Әсет Абдықанов Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Әубәкіров Амантай Акрамұлының бұйрығымен көтермеленетін болады», - деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінен.

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Павлодар облысы,
Жоғары қарай