Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Павлодарлық полицей көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

2019 жылдың 24 сәуір 2019 22:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 32 жастағы үш баланың анасы Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облыстық Полиция департаментінің ВКонтакте парақшасына сілтеме жасап.

«24 сәуірде сағат 17.42 шамасында «Рубеж» бақылау пунктінің кезекшісіне кіші лейтенант полицейі Ербол Айғожинге жүргізушілердің бірі, белгісіз әйелдің көпір ортасында жылап тұрғанын жеткізген. Автокөлікке жедел отырған полицей көрсетілген жерге жетіп, әйелдің көпірдің шетінде тұрып секіруге даяр тұрғанын көреді. Шалт қимылының арқасында, Ербол артынан жүгіріп келіп, әйелді қауіпсіз жерге тартып үлгерді», - делінген хабарламада.

Павлодарлық келіншектің сол күні жұбайымен ренжісіп, өзіне қол жұмсағысы келгені анықталды. Қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс жүргізуде.

«Ербол осы жылы екінші адамды құтқарып отыр. Осы жылдың 2 қаңтарында ол көпірден секірмек болған тағы бір әйелді құтқарып алған», - деп хабарлайды Полиция департаментінен.

Департаменттің хабарлауынша, полиция қызметкері Ербол Айғожин құқық қорғау органында 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді.




Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай