Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 325.75
EUR 382.04
RUB 5.31
CNY 51.04

Павлодарлық меценаттар студенттерге екі жатақхана салып берді

2018 жылдың 17 мамыр 2018 18:53 536

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық меценаттар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағдарламаны жүзеге асыруға облыста бизнес өкілдері белсенді қатысып жатыр. Осы орайда, меценаттар есебінен Павлодар қаласында колледж студенттеріне арналған 200 орындық екі жатақхана, Қашыр ауданы Львовка ауылында 50 орындық балабақша салынғанын атап өткен жөн», - деді облыс әкімі.

Болат Бақауовтың айтуынша, биылдан бастап облыстың барлық балабақшаларында мемлекеттік тілде тәрбие беру процесі қолға алынған.

«Қазақ тілін латын әлипбиіне ауыстыру» арнайы жобасы аясында Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында «Тіл керуені» атты жазғы фестиваль өтті. Фестивальге облыстың этномәдени ұйымдары, өзге ұлт өкілдерінен құралған мұғалімдер мен оқушылар, балабақша тәрбиешілері қатысты. Фестиваль қазақ тілін оқытумен ғана шектелмей, қазақ халқының салт-дәстүрлерін де кеңінен насихаттауды қамтиды», - деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ, ол «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында  «Ертіс думаны», «IZDEU-2018» форумы, республикалық «Волонтерлер форумы» сияқты ірі жобалар өткізілгенін айтып өтті. 

 

 

Жоғары қарай