Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 376.40
EUR 427.36
RUB 5.86
CNY 56.08

Павлодарлық құтқарушылар көктемде болуы ықтимал су тасқынына дайындалып жатыр

2019 жылдың 21 ақпан 2019 23:35 446

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 66 құтқарушы су тасқынына дайындық бойынша сынақтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құтқарушылардың саптағы дайындықтарын тексеру барысында олардың төтенше жағдайларға дайындық деңгейлері, атап айтқанда: төтенше жағдайға қажетті заттардың болуы, қысқы киім формасы, қосалқы киімдер, қосымша азық-түлік дайындығы тексерілді. Жеке құрам өкілдеріне көктемгі су тасқынының салдарымен күрес және апаттан құтқару жұмыстары кезіндегі техникалық қауіпсіздік талаптары түсіндірілді»,-деді бүгін Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.



Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі саптағы дайындық жұмыстарын су тасқыны кезінде болуы ықтимал жағдайларға жедел әрекет етуге қаншалықты дайын екендігін тексеріп, олардың дайындықтарын шыңдау мақсатында жүргізілді.

«Шараға жеке құрамның 66 қызметкері мен 14 дана техника жүмылдырылды»,-деді құтқарушылар.



Антон Гагарин

Жоғары қарай