Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Павлодарға оңтүстіктен есірткі тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері сотталды

2019 жылдың 2 сәуір 2019 20:34

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырған екі адам 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар құрамына Құттыбаев және П. Бадкенов кірген қылмыстық топты анықтаған болатын.

2018 жылғы 20 шілдеде ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті А. Құттыбаев пен П. Бадкеновті ұстап, олардың «қойма» ретінде қолданып жүрген пәтерлерінің бірінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында 139 кг марихуана және 5 кг гашиш тауып, тәркіледі.

2019 жылғы 19 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

А. Құттыбаев пен П. Бадкенов қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жоғары қарай