Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Павлодарға Беларусьтан жаңа трамвайлардың соңғы партиясы жеткізілді

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 07:53

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарға Беларусь Республикасынан жаңа трамвайлардың соңғы партиясы жеткізілді. Ендігіде қала тұрғындары мен қонақтарына 23 жаңа вагон қызмет ететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белкоммунмаш» компаниясы жасап шығарған тағы екі жаңа вагон қалалық трамвай депосын толықтырды.

Өңір әкімдігінен мәлім еткендей, трамвайларды қабылдап алу шарасына Павлодар облысының басшысы Болат Бақауов, қала ақсақалдары мен қоғамдақстық өкілдері қатысты.




«Белкоммунмаш» компаниясы сервистік орталығының директоры Александр Шутов облысқа трамвайлардан бөлек, электробустар мен гибридті автобустар жеткізе алатынын жеткізді.

«Павлодарға кіргенде біздің вагондарды көргенде қатты қуандым. Менің ойымша, бұл трамвайлар Павлодар қаласын одан сайын көркейте түсті. Біз әрі қарай да сіздермен жұмыс жасап, ынтымақтастықта болғымыз келеді. Онымен бірге, бізде жаңа ұсыныстар бар. Біз Павлодарға трамвайлар, электробустар және гибридті автобустар жеткізе аламыз. Бүгін біз автономды жүрістегі көліктерді дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Себебі бұл жылжымалы құрамды сатып алу мен пайдалануда айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер трамвайлар туралы нақты айтатын болсақ, бұл жағдайда электр желісін тартпай-ақ, рельстерді ғана салуға болады», - деді ол.




Жаңа вагондардың жайлылығын кондукторлар да сезініп үлгерді. Көлік кәсіпорны қызметкерлерінің айтуынша, жаңа трамвайлардағы және жаңа вагондардағы басқару панелі әлдеқайда жақсы, маневр жасау үшін артық қозғалыс жасаудың қажеті жоқ.

«Жаңа трамвайлардың жүрісі ескі вагондарға қарағанда бірқалыпты, соның есебінен қозғалыс кезінде ешқандай кедергілер болмайды. Жүргізуші кабинасында кондиционер бар, бұл әсіресе жаз мезгілінде өте қолайлы. Біздің жолаушыларға да жаңа трамвайлар ұнайды. Салонда бұрынғыдай шулы емес, орындықтар әлдеқайда ыңғайлы», - дейді трамвай басқармасының жүргізушісі Елена Евстратова.




Павлодар облысының әкімі қазіргі таңда өңірде қоғамдық көліктердің паркін жаңартуға баса назар аударылатынын атап өтті.

«Бізде жаңа вагондарды жеткізу мәселесі болды. Оған объективті себептер бар. Бірақ, ең бастысы, жылжымалы құрам іс жүзінде жаңартылып жатыр. Трамвай – экологиялық таза көлік түрі. Біз павлодарлықтар мен қала қонақтары жайлы қоғамдық көлікпен жүруі үшін барынша күш жұмсайтын боламыз. Сонымен қатар, биылғы жылы автобус паркін 76 пайызға дейін жаңарттық. Дизельді автобустармен қатар қалада 10 электробус жүреді. Мұнда да біз жұмысты жалғастырамыз», – деді әкім.








Басты сөздер: Аймақ, Әкім, Павлодар облысы,
Жоғары қарай