Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Павлодардан Кемеровоға автобус қатынайтын болды

2019 жылдың 14 ақпан 2019 07:45 440

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мен Кемерово арасындағы автобус қатынасының наурыз-сәуір айларындағы кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа автобус қатынасының жолға қойылғаны туралы алғаш «Кузбасспассажиравтотранс» кәсіпорнына сілтеме жасай отырып Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеген.

Елшіліктің ақпаратына сүйенсек, наурызда 4 рейс, сәуір айында тағы бес рейс жүруі тиіс.

«Кемерово автовокзалынан рейстер 12:05-те, ал Қазақстаннан 14:30-да жолға шығады. Ересектер үшін билеттің бағасы 2260 рубль, балалардың билеті 1130 рубль етіп белгіленді. Жолға кететін уақыт - 15 сағат. Бұрын Павлодарға автобус тек Новосібірден ғана жүретін», - делінген хабарламада.

Авторы: Антон Гагарин

 

 

Басты сөздер: Қоғам, Көлік, Павлодар облысы,
Жоғары қарай