Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Павлодарда жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 23:51

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қазан айында Павлодар көлік және коммуникация колледжінде 200 орындық жатақхананың құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйля Ахметова айтты.

«Облыс орталығында колледж және университет студенттері үшін 2 994 орындық 10 жатақхана бар. 2020 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-да С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 600 орындық жатақханасын тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, № 34 мектеп аумағында ПМПУ студенттері үшін 300 орындық жатақхананы пайдалануға беру көзделген. Қазан айында Павлодар көлік және коммуникация колледжінде 200 орындық жатақхананың құрылысы аяқталады», - дейді Нәйля Ахметова.

Павлодар қаласында 2019-2020 оқу жылының басына 14-18 жас аралығындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының саны 13 388 адамды құрады, ТжКБ оқушыларының саны – 18 345 адам, ЖОО студенттерінің саны – 15 000 адамнан астам.

Облыс колледждерінде мемлекеттік грант бойынша 12 614 студент, ЖОО-да 4 846 студент, облыс әкімінің гранты бойынша 231 адам оқиды.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында Жетекші ауылына 2 педагог жіберіліп, 70 АЕК мөлшерінде (2018 жылы Кенжекөл ауылында 1 қатысушы) көтермеақы төленген.

«Жас маман» жобасы шеңберінде өңірдегі ТжКБ ұйымдары анықталып, аталған оқу орындарының базасында қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарын құру жоспарлануда.

Жоғары қарай