Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Павлодарда Тұңғыш Президент қорының жобалары таныстырылды

2019 жылдың 13 сәуір 2019 23:42

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент қорының жобалары Павлодар облысында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өткізілді. Қор облыс әкімдігімен бірлесе отырып Мемлекет басшысының талантты жастарды қолдауға бағытталған идеяларын насихаттауды, жобаларға өңір жастарын тартуды көздейді.

Тұңғыш Президент қорының жұмысымен танысу оның өкілдері және облыс әкімі Болат Бақауовтың ресми кездесуінен басталды.

Кездесу барысында атқарушы директордың орынбасары Игорь Рогов Тұңғыш Президент қорының қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ тараптар бірлескен жобаларға жастардың атсалысуын талқылады.

«Біз жылына 100-ге жуық жоба өткіземіз. Олар адами капиталдың жинақталуына, бәсекелестігін жоғарлатуға және қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған. Біздер ғылым, мәдениет және инновацияның дамуына қызығушылық танытатын жас дарындарға көмектесеміз. Бұл бағыттардың барлығы Елбасы Н. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу барысында айтқан идеяларымен және қойылған міндеттермен сәйкес келеді», - деді ол.

Өз кезегінде облыс әкімі Б. Бақауов аймақта өскелең ұрпақты қолдауға арналған шаралар туралы мәлімдеді. Бұл жылы 500-ге жуық әлеуметтік және мәдени шара өткізу жоспарда бар. Соның ішінде жастарды жұмыспен және үймен қамту мәселесіне басымдық беріледі.

Тараптар жастарды қолдау мақсатында қарым-қатынасты нығайтуға және ынтымақтастықты қалыптастыруға келісті.

Кездесу соңында қор атынан «Жастардың бастамаларын дамыту орталығына» компьютерлік құралдар алу үшін 3 млн теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Ресми кездесуден соң С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жастармен кездесу ұйымдастырылды. ҚР Тұңғыш Президенті қорының, ҚР Мемлекеттік тілді дамыту қорының, қор жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері және лауреаттар қордың шаралары мен конкурстары туралы айтып берді, шеберлік сағаттар өткізді.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры өзінің тілдік жобаларымен жиналған жұртты таныстырып өтті. Олардың ішінде қазақ тілін тегін үйрететін «Soyle.kz» онлайн курсы, биыл курстың ағылшынша және латын графикасындағы нұсқасы ашылды, «Balasoyle» мобильді қосымшасы, «Resmihat.kz» іс-қағаздарын қазақ тілінде әзірлеуге үйрететін онлайн-порталы, Soyletube.kz - Youtube каналына орналастырылған қазақ тілі бейнесабақтары, «Ұлы дала аңыздары» онлайн жобасы аясында веб-графикалық романдар сериясы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасы, смартфондар мен планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» мобильді-қосымшасы, «Qazaqstan3D» веб-сайты мен мобильдік қосымшасы, «Abaialemi.kz», «Tattialma.kz», «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Қазақстан мерекелері», «Жеті қазына» мобильдік қосымшалары.

Нәтижесінде 400 павлодарлық жас ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының жобалары мен «Smart zholy», «Алтын тобылғы», «Кто умнее?», «Ученые будущего», «Асыл мұра» секілді конкурстары туралы толығық мағлұмат алды, оларға қатысу жолдарымен танысты.

Айта кету керек, Павлодар облысының жастары Түңғыш Президент қорының жобаларына белсенді қатысады. Осы күнге дейін 60 жас конкурстардың жеңімпазы болып, лауреат атанған.

Сонымен қатар қор қонақтары «Астана - Ұлы даланың жауһары» фотокөрмесімен таныстырылды, ал классика өнеріне құштар қауымға қордың лауреаттары Наурыз мерекесіне арналған концерт берді.

Естай атындағы Қалалық мәдениет үйінің сахна төрінде белгілі өнер майталмандары, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары - Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыркөзов, Татьяна Вицинская, Дина Мирманова, Бибігүл Жанұзақ, Жібек Сапарғалиева, Марат Айтімбай, Ермек Құрманаев және т.б. өнер көрсетті.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының күндерін облыстарда өткізу дәстүрге айналды. Жастар жылын Тұңғыш Президент қоры Павлодар облысынан бастады.

Басты сөздер: Тіл, Павлодар облысы,
Жоғары қарай