Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Павлодарда полицейдің асылып қалуына байланысты тергеу басталды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 17:44

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда асылып қалған полицейдің денесі табылуына қатысты сараптама белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы дерек бойынша тергеу бөлімшелері сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кіріскен. Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы кейін айтылады», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның дерегіне сүйенсек, полицейдің денесі Павлодарда бүгін таңғы 07:20-да Сәтбаев көшесіндегі үйдің гаражынан табылған.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді», - дейді полиция департаментінің өкілдері.

Еске сала кетейік, бүгін павлодарлық полицей асылып қалған күйі табылған. Ер адам биыл желтоқсанда 35 жасқа толар еді. Ол ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет еткен.


Автор: Антон Гагарин



Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай