Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

Павлодарда көлдегі қамыс арасында адасып кеткен адам құтқарылды

2019 жылдың 12 наурыз 2019 21:54 633

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция қызметкері Тереңкөл және Юбилейное ауылдарының ортасындағы көлдің маңайында адасып кеткен адамды іздеп тауып алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. - Түнгі сағат бір шамасында Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Тереңкөл және Юбилейное ауылдарының ортасындағы көл жиегіндегі қамыстың арасында адасқан адам туралы хабарлама түсті, - деді баспасөз қызметінде.

Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Руслан Сұлтанов дереу адам жинап, Тереңкөл және Юбилейное ауылдарының ортасындағы көлдің маңайында іздеу жұмыстарын бастап кетті. Қараңғы мезгіл мен биік өскен қалың қамыс іздеу жұмыстарына кедергі келтірді. 1,5 шақырым жаяу жүріп өткеннен кейін, іздеушілер адасқан ауылдастарын тауып алды. Ол әбден әлсірегендіктен өздігінен қимылдауға дәрменсіз болған. Полиция капитаны Руслан Сұлтанов оған алғашқы медициналық көмек көрсетілуі үшін Тереңкөл ауданының ауруханасына жеткізді. Адасқан ер адамның айтуынша, ол көл жиегімен өтетін жалғыз аяқ жолмен жүріп келе жатып бағытынан жаңылған. Бұл жағдайда жедел әрекет етіп, өмірін құтқарып қалғаны үшін ер адам полиция қызметкері Руслан Сұлтановқа алғысын білдірді. 

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай