Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Павлодарда ер адам маршруттық таксиге оқ жаудырды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 16:50

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда ер адам маршруттық таксиге оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері маршруттық таксиге оқ атқан күдіктіні қолға түсірді. Ер адам бұзақылық жасамақ болып, пәтердің терезесінен маршруттық таксиге оқ атқан», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінде.

Пневматикалық қару тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

«Полицияға таңғы 08:40 шамасында Малайсары батыр көшесінде белгісіз біреу бұзақылық жасамақ болып, пневматикалық қарудан маршруттық таксиге оқ атқаны туралы хабар келіп түсті. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті департамент.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай