Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Павлодарда дүкен сатушысы 13 млн теңге жымқырған

2019 жылдың 24 шілде 2019 10:47 205

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап етудің 34 фактісін ашты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ақшалай қаражаттың жетіспеуін 42 жасар жеке кәсіпкер анықтаған.

«Тергеу барысында қылмысқа 39 жастағы сатушының қатысы бары анықталды. Ол 2010 жылы жұмысқа қабылданған, сенімге кіргеннен соң өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдалана отыра, 13 миллион теңгені жымқырған», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жеке кәсіпкердің айтуынша, сатушымен 2010 жылдан бері еңбек шарты, сондай-ақ толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісімшарты жасалған. Сатушы ақшаны қайда жұмсағанын енді тергеу анықтайтын болады.

Жоғары қарай