Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тоқтатылды

2020 жылдың 30 наурыз 2020 08:25

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда ауыл шаруашылығын жәрмеңкесінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметтің павлодарлықтар! Көпшілігіңіз қазіргідей эпидемиологиялық жағдайда жәрмеңке өткізудің қаншалықты қауіпті екенін біліп отырсыздар. Өңірде санитарлық шаралар күшейтіліп, қатаң эпидемиологиялық талаптар қойылып отыр, сатушыларға медициналық маскалар таратылуда, жәрмеңкенің жұмыс уақыты да қысқартылған еді. Енді біз жәрмеңкенің жұмысын мүлдем тоқтаттық», - деді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңке шешетін азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі қазір қатаң бақылауда, деп атап өтті, облыс орталығының әкімшілігі.

«Қазір өнім өндірушілерден әлеуметтік дүкендерге тікелей азық жеткізу жөнінде шешім қабылданды. Жеткізілетін уақыты туралы біз қосымша тағы хабарлайтын боламыз»,деп хабарлады қала әкімдігі.



Жоғары қарай