Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Павлодарда аударылған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

2019 жылдың 9 тамыз 2019 20:57 104

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Сағат 6:46 кезінде Қамзин мен Щедрина көшелерінің қиылысында Toyota Caldina мен ВАЗ 21134 көліктері соқтығысқан», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Апат салдарынан ВАЗ 21134 көлігі аударылып қалған. Сондай-ақ ВАЗ 21134 көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факт тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Фото: @kolesa_pavlodara

Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай