Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Павлодарда 23 жастағы жұмысшы 12 метр биіктіктен құлап мерт болды

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 11:06

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жөндеуші слесарь 12 метрлік биіктіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше кешкі сағат 16:20-да өндірістік цехтардың бірінің аумағында 1996 жылы туған слесарь көпірлі кранды бөлшектеп жатып, абайсызда 12 метрлік биіктіктен құлап кетті.

«Жас жігіт алған жарақатынан сол жерде жантәсілім етті. Оқиғаны көрген куәгерлер бар. Еңбекті қорғау нормаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті ПД баспасөз қызметі.

Жоғары қарай