Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Павлодарда 2 нысан «Қазақстанның киелі жерлеріне» енді

2019 жылдың 25 ақпан 2019 06:52 1152

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» Павлодар облысынан тағы екі нысан енді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Осыған дейін еліміздің қасиетті орындар тізіміне енген Ертіс өңірінің бес нысанына

«Облысымыздың алғашқы бес нысаны картаға енген кезде Сұлтанбет сұлтан мен Ақ келін кешеніне қатысты жұмыс енді ғана басталған болатын. Содан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зор көлемдегі жұмыс атқарылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына өтініш бердік», - дейді Margulan centre «Сакралды география» ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі Еңлік Əбеуова.


null 

Нəтижесінде Атырауда өткен III Өлкетанушылар форумында жоғарыда аталған екі киелі орын республикалық картаға қабылданды. Еңлік Əбеуованың айтуынша, жұмыс мұнымен тоқтамайды. Республикалық маңызы бар Павлодар облысының қасиетті орындарының тізімі кеңеюі мүмкін.

Айта кетсек, жоғарыдағы екі нысаннан бөлек, республикалық картаға біздің облыстан Қоңыр əулие үңгірі, Мəшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі, Жасыбай батыр бейіті, Исабек ишан кешені мен Əулиекөл сəулет кешені енген болатын. 

 

 

Жоғары қарай