Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Павлодарда 11286 адамның әлеуметтік мәртебесі өзектендірілмеген

2019 жылдың 7 тамыз 2019 22:37 109

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда азаматтардың әлеуметтік мәртебесі туралы тұрғындармен түсіндіру жұмысы, аулаларды аралау жүргізіліп, хабарламалар мен сауалнамалар таратылуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, егер, азамат жұмыссыз болса – халықты жұмыспен қамту орталығында ресми тіркелуі тиіс. Ал, егер еңбек келісімшартынсыз жұмыс істесе – жұмыс берушімен еңбек қатынастарын ресми түрде ресімдеуі қажет.

Жылына 1175 АЕК дейін немесе 3 миллион теңгеге дейін кіріс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтушы қала тұрғындары 1 АЕК көлемінде, ауылдық жерлерде тұратындар 0,5 АЕК көлемде Бірыңғай жиынтық төлемді төлейді. Бірыңғай жиынтық төлемді кез келген банк кассаларында, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемкорпорация» ҮАҚ есебіне төлеуге болады. Төлем әр айға жеке төленуі тиіс. Әлеуметік мәртебені нақтылау мен қалыптастыру кезінде кейіннен азаматқа әлеуметтік төлем мен кепілді алу, лайықты зейнетті қамтамасыз ету, ел экономикасына бейресми қамтылған халықты тарту, жұмыссыз азаматтарды өнімдік жұмыспен қамту кепілдендірілген.

Қазіргі уақытта қала бойынша 39 мыңнан аса азаматтың әлеуметтік мәртебесі өзектендірілген. Ал, 11286 азаматтың мәртебесі өзектендірілмеген. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары мен аулаларды аралау жүргізілуде. Сондай-ақ хабарламалар мен сауалнамалар таратылуда.

Айта кетейік, өз әлеуметтік мәртебесін нақтылау үшін тұрғындар Павлодар қаласы, Ак.Бектұров көшесі, 115 Б мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінулері қажет. 21-54-75, 21-54-80 телефондары немесе egov.kz. Электронды Үкімет порталы арқылы өз мәртебесін нақтылауға болады.

Жоғары қарай