Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Павлодар полициясы порнографиялық таспада бейнеленген адамды тексерді

2019 жылдың 15 қазан 2019 17:26

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы полиция департаменті порнографиялық сипаттағы видеотаспада бейнеленген, ішінде тыртығы бар белгісіз адамды тексеру үшін жүргізілген қылмыстық тергеу аясында сот-медициналық сараптама өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Павлодар облысы бойынша сот сараптамалары институтының сот-медициналық сарапшысының қорытындыларына сәйкес, М.А.Әкетай есімді азаматтың жеке басын сот-медициналық кәуландыру барысында кеудеден іштің төменгі бөлігіне дейін, сондай-ақ, кеуде қуысы мен арқасынан қандай да бір хирургиялық тігістер, тыртықтар анықталған жоқ», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода мәлім еткендей, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, 2 қазан күні Павлодар облысы полиция департаментіне Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы келіп, ватсап желісі арқылы порнографиялық сипаттағы бейнетаспаны дайындап, таратқан белгісіз адамдарды анықтап, қылмыстық жауапқа тарту туралы арыз қалдырған.

Жоғары қарай