Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Павлодар полицейлері жолда тұрып қалған автобустағы Өзбекстан азаматтарына көмектесті

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 20:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының тәртіп сақшылары жолда тұрып қалған автобустағы өзбекстандық жолаушыларға ыстық шай мен бауырсақ беріп, көмек қолын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолды патрульдеу қызметінде жүрген құқық қорғаушылар жол шетінде тұрған автобусты көріп қалған. Жолда қалған автобустың артқы дөңгелегінің күпшегі (ступица) сынып қалған көрінеді. Жолаушылардың бәрі де Өзбекстан Республикасының азаматтары. Рейстік автобус Ресейден Өзбекстанға бағыт алып бара жатқан.

«Көлік құралының бұзылып қалуына байланысты жолаушылар бірнеше сағат жолда қалуға мәжбүр болған. Суық салонда тоңып қалғандар болды. Полиция қызметкерлері адамдар жылынып алу үшін оларды таяудағы кемпингке жеткізді. Бұған қоса тәртіп сақшылары автобусты жөндеуге көмектесті. Келесі күні түсте ғана көлік жөнделді. Жолаушылардың бәріне Ақсу қаласы полициясының Қалқаман бөлімінде ыстық шай мен бауырсақ, тамақ берілді», - деп хабарлайды ІІМ-нен.

Кетерде өзбекстандық жолаушылар павлодардық полиция қызметкерлеріне көмегі үшін алғыс білдіріп, қызметте табыс тіледі.

Бұдан бұрын павлодарлық тәртіп сақшылары Ресейден Қырғыз Республикасына бара жатқан 53 жолаушыға көмек қолын созған. Тағы бірде жолда тоңып қалған Тәжікстан азаматтарына да көмек көрсеткен.

Жоғары қарай