Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Павлодар облысының жаңа әкімі өңір орталығының көшелерін аралап шықты

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 10:05

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов өңір орталығының көшелерін аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ әкімі Зеленстрой, Восточный және Екінші Павлодар шағынаудандарында болып, қала билігі мен коммуналдық мекемелердің назарын әлеуметтік нысандардың кіреберістері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазарту мәселесіне аударды.

«Әлеуметтік нысандар мен оған іргелес жатқан аумақ басты назарда болуы керек. Адамдар ауруханаларға, мектептер мен балабақшаларға кедергісіз келуі тиіс. Бұл жерден таңертең өткенмін. Сол кезде де, қазір де тазартылмаған! Көлік тұрағы мен әлеуметтік нысандарға қатысты ғана емес, адамдар пайдаланатын жақын маңдағы тұрақтарды да қардан тазалау керек», - деді №2 емхана жанында Әбілқайыр Сқақов.

Облыс басшысы шаһарды аралап шыққаннан кейін, оның бірінші орынбасары коммуналдық қызметкерлермен кеңес өткізді. Тиісті қызметтер қар шығару жұмыстарын күшейтіп, қысқа мерзімде қаланы толық тазалауға уәде етті.


Жоғары қарай