Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Павлодар облысының моноқалаларында жылыжай кешендері салынады

2019 жылдың 6 маусым 2019 14:52

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мемлекеттік активтерді пайдалана отырып, облыстың моноқалаларында жылыжай кешендерін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар» ӘКК төрағасы Әлібек Несіпбековтің айтуынша, Ақсу мен Екібастұз қалаларында 12 мың тонна өнім беретін қызанақ пен қияр өсіруге арналған инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген.

«30 және 5 гектар жылыжай үшін қажетті жер телімдері ресімделді. Географиялық жағынан екі жоба да жұмыс істеп тұрған электр стансыларының жанында орналасатын болады. Соның арқасында жаңа кәсіпорын арзан электр және жылу энергиясына қол жеткізе алады», - деді Әлібек Несіпбеков.

Аймақ басшысы Болат Бақауов әрбір жобаны инвестордың ыңғайына қарай икемдеу керек.

«Мысалы, егер олардың қатарында біз бұған дейін кездескен ресейлік «Экокультура» холдингінің өкілдері бар дейік. Олар өздеріне қажетті құрал-жабдықты жасауды көп уақыт бұрын қолға алған. Инвесторға біздің жобамыз ұнамайтындай жағдай туындауы мүмкін ғой», - деді ол.



null

Облыс әкіміне тағы да бірнеше жоба ұсынылды. Олардың қатарында жылына жүз мың тонна қант өндіретін зауыт құрылысы, картоп мен крахмал өндіретін өнеркәсіп кешенінің құрылысы бар. Сондай-ақ Железин ауданында «Valmount» компаниясының демонстрациялық суару жүйесін орнату қарастырылды.

Жоғары қарай