Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Павлодар облысының екі ведомствосында басшылар ауысты

2019 жылдың 13 ақпан 2019 19:51 782

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасына Рүстем Раисов, ал өңірлік Статистика департаментіне Жеңіс Шақатов басшы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдарды жөндеу мен сақтауға көп көңіл бөліп келеміз. Қалалар мен аудандарды дамыту жоспарларын жасау мен келісуге атсалысу, жөндеуге ұсынылатын жолдарға мұқият талдау жүргізу, жол салумен, жөндеумен айналысатын мердігер ұйымдардың жұмысына қадағалауды күшейту қажет», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Әкім бұрын құрылыс басқармасын басқарған Р. Раисовтың алдына нақты міндеттер қойды.

null 

Жеңіс Шақатов салық органдарында, Павлодар және Екібастұз қалалары әкімдерінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Осының алдында облыстық Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болған.

«Статистикалық деректердің барлығын жандандыру қажет. Әрекетсіз отырған және нөлдік есеп тапсырып отырған кәсіпорындарға үнемі мониторинг жүргізу керек», - деді облыс әкімі.

Болат Бақауов жуырда ғана Қорғаныс істері жөніндегі облыстық департаменттің бастығы лауазымына тағайындалған Сергей Кузнецовты да таныстырды. Бұған дейін ол Қостанай облысында дәл осындай лауазымды атқарған.

Авторы: Антон Гагарин

 

 

Жоғары қарай