Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Павлодар облысының әкімі көмір бағасы туралы: 18 мың теңге ақылға сыймайды

2020 жылдың 14 ақпан 2020 13:29

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі көмір бағасын төмендету үшін атқарылатын жұмыстарды атады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Еліміздегі көмірдің үштен бір бөлігі бізде өндірілгенімен халыққа 18 мың теңгеге сатылатыны ақылға қонымсыз. Бұл жағдайды өзгерту үшін тұрғындарға көмір жеткізу схемасы мен логистиканы оңтайландырамыз. Павлодар облысы тұрғындары үшін көмір бағасының оптималды деңгейге дейін түсуін талап етеміз»,- деді халық алдында есеп берген Әбілқайыр Сқақов.




Өңір басшысы еліміздегі көмірдің 60 пайызы Екібастұзда өндірілетінін атап өтті.

«Павлодар облысының ерекшелігі неде? Елдегі саз балшық пен алюминийдің 100 пайызы біздің аймақта өндіріледі. Ферроқорытпа өндірісінің 62 пайызы – Ақсуда, сондай-ақ электр энергиясының 42 пайызы бізде өндіріледі. Бұл - өте зор мүмкіндіктер. Біздің міндетіміз - осы жетістіктерді сақтау. Мен осы өңірде туып-өскен азамат ретінде облысымызды өркендетуге бар күш-жігерімді саламын», - деді облыс әкімі.
Жоғары қарай