Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Павлодар облысындағы құлаған көпір қалпына келтірілді

2019 жылдың 24 тамыз 2019 21:16

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы көпірде болған апаттық жағдай реттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, 23 тамыз күні «Павлодар-Қызылорда» автожолының 1343-1297 шақырымында жол апаты орын алған болатын. Жүк көлігі көпірдің тірегін бұзып, құрылымның бір бөлігі көліктің үстіне құлаған.

«К-Дорстрой» АҚ мердігер компаниясына тиесілі «Shacman» жүк көлігінің 42 жастағы жүргізушісі Пограничник кентінде топырақ түсіргеннен кейін көліктің шанағын қауіпсіз қалыпқа түсірмей, Павлодарға жол жүріп кеткен. Қауіпсіздік техникасының сақталмауынан автокөлік жол өткелінің арқалығына соғылып, бөренелердің бірі (33 м) көліктің үстіне құлады» делінген «QazAvtoJol» ҰК« АҚ таратқан хабарламада .

Қазіргі уақытта автокөлік қозғалысы бөгетсіз жалғасуда, жарақат алған азаматтар жоқ.

«QazAvtoJol» ҰК« АҚ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жүргізушілерді жолда абай болуға, өз қауіпсіздігі үшін жол ережелерін сақтауға шақырады.



Жоғары қарай