Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Павлодар облысында зейнетақысын алмаған 9 мың адам іздестірілуде

2020 жылдың 25 ақпан 2020 13:23

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жинақталған зейнетақысын алмаған зейнеткерлердің есеп-шоттарында 484 миллион теңге сақтаулы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Владимир Питраков атап өткендей, өңірдің 9 мың зейнеткері жинақтаушы зейнетақыны рәсімдемеген. - Аталған зейнеткерлердің барлық есеп-шоттарында жинақталған сома 484 миллион теңгеге тең, - дейді Владимир Питраков. – Бұл азаматтар жөніндегі барлық мәліметтер бар. Қазірде біздер аталған тұрғындарды іздестіруге күш жұмсаудамыз.





«БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының директоры айтқандай, аталған азаматтардың әрбіреуіндегі қаражат көлемі әртүрлі: 1 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін. Қалай дегенде де, зейнетақысын алмай жүрген адамдардың жинаған қаражаты ешқайда жоғалмайды. Тіпті есеп-шот иесі қайтыс болған жағдайда ол қаражат зейнеткердің заңды мұрагеріне беріледі.


Жоғары қарай